Грузияның 61 жастағы азаматы Астанада ұрлық жасағандығы үшін ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грузияның 61 жастағы азаматы Астанада ұрлық жасағандығы үшін ұсталды

Грузияның 61 жастағы азаматы Астанада ұрлық жасағандығы үшін ұсталды

Жамбыл облысында Грузияның 61 жастағы азаматы ұсталды,

  • 5 Желтоқсан 2014
  • 449
Фото - Caravan.kz


оған 35 мың еуро мен 100 мың теңге ұрлады деген күдік келтіріліп отыр, деп хабарлады астаналық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
"28 қараша күні шұғыл басқару пультіне "Мега Астана" сауда орталығында кафеге келген адамнан қомақты ақшаның, 35 мың еуро мен жүз мың теңгенің ұрланғандығы туралы хабар түсті», делінген жұмада таралған ақпаратта.
Ақша үстелдің қасында тұрған ілгішке ілінген күрткеден жоғалған. Оқиға болған орынды қарау кезінде ол жерден ер адамның қара пальтосы табылған.Бейнекамералар көрсеткендей және көргендердің айтуынша, пальтоның иесі кафеден шығып, қайтып келмеген. Ол ұрлық жасаған бойда такси ұстап,сол күні қаладан кетіп қалған.
Шұғыл іздеу шаралары барысында 3-желтоқсанда күдікті адам Жамбыл облысында Қордай ауданында ұсталған. Ол Грузияның 1953 жылы туылған азаматы екен.
Қазір ол Астанаға әкелінді, изоляторға отырғызылды, оған қатысты республика Қылмыстық кодексінің 175 бабы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.