Грузияның Қазақстанға қарызы қашан қайтарылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грузияның Қазақстанға қарызы қашан қайтарылады

Грузияның Қазақстанға қарызы қашан қайтарылады

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының алдындағы Грузия Үкiметiнiң берешегін қайтадан қайта құрылымдау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 22 Қараша 2017
  • 189
Фото - Caravan.kz

«Грузия Үкiметiнiң Қазақстан Үкіметінің алдындағы борышы 27 млн 774 мың АҚШ долларын құрайды. Ол 1992-1993 жылдары екі елдің ұлттық банктері арасында өзара есеп айырысу нәтижесінде пайда болды және мемлекеттік несие ретінде қайта рәсімделді. Қайтадан қайта құрылымдау туралы келісімге сәйкес, Грузин тарапы Қазақстан алдындағы берешегін тиісті шарттар бойынша өтейді», — деді ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Министрдің сөзіне қарағанда,  пайыздық мөлшерлеме жылдық 4 пайыздық деңгейде сақталады. Сонымен қатар берешекті өтеу кестесі мерзімін өткізгені үшін жиналған өсімпұлды есепке алмайды және Париж клубы ұсыныстарына сәйкес ұзартылады.

«Осылайша, 2017 жылғы Келісімге сәйкес 2017-2025 жылдардағы кезеңге Грузия тарапының төлемдер сомасы 37 млн 997 мың 815 АҚШ долларын құрайды», — деді Қаржы министрі.


Талқылаулардан кейін палата депутаттары заң жобасын мақұлдады.

Соңғы жаңалықтар