І жартыжылдықта жол-көлік оқиғаларының саны 20 пайызға қысқарды - Павлодар облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
І жартыжылдықта жол-көлік оқиғаларының саны 20 пайызға қысқарды - Павлодар облысы

І жартыжылдықта жол-көлік оқиғаларының саны 20 пайызға қысқарды - Павлодар облысы

Павлодар облысында ағымдағы жылдың І жартыжылдығында жол-көлік оқиғаларының саны 20,1 пайызға қысқарды,

  • 13 Шiлде 2011
  • 505
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен. Қаза болғандардың саны 9,5 пайызға, зардап шеккендердің саны 19,4 пайызға азайды.

Жол полицейлері әрбір үшінші жол-көлік оқиғасын жасайтын жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін дөрекі бұзуларының алдын алу және жолын кесу шараларына үлен назар аударуда.

Облыс жолдарында өткен жартыжылдықта жол қозғалысы ережелерін бұзудың 37 мыңнан астам оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 45,7 пайызға көп. Рульге мас болып отырған 2660 жүргізуші ұсталды.

Қабылданып отырған шаралардың тиімділігі өсіп отыр. Ереже бұзушылардың 88,7 пайызына 209,7 миллион теңгенің айыппұлы салынды және бұл соманың 71,3 пайызы өтелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде салынған айыппұлдың сомасы 113,4 миллион теңгені құраған еді.

Соңғы жаңалықтар