ИДМ: өртеніп кеткен автобус жүргізушісінің жолаушы тасымалына лицензиясы жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ИДМ: өртеніп кеткен автобус жүргізушісінің жолаушы тасымалына лицензиясы жоқ

ИДМ: өртеніп кеткен автобус жүргізушісінің жолаушы тасымалына лицензиясы жоқ

Сондай-ақ өртенген автобустың міндетті техникалық байқауы мерзімінің өтіп кеткеніне екі жылдай болған

  • 18 Қаңтар 2018
  • 226
Фото - Caravan.kz

Ақтөбе облысында өртеніп кеткен автобус жүргізушісінің жолаушы тасымалына лицензиясы болмаған, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан тілшісі Қазақстанның инвестициялар және даму министрлігіне сілтеме жасай отырып. 

"Автобустың иесі Мехтиев Ордухан Сабироглы. Жолаушыларды тұрақты емес тасымалдау лицензиясы берілмеген (арендалық келісім шарт бойынша жұмыс істеген болуы мүмкін)", — деп жазылған хабарламада. 

Бұдан бөлек міндетті техникалық байқаудан 2015 жылы 17 тамызда өткені хабарланады. Оның мерзімі 2016 жылы 17 ақпанда өтіп кеткен. 

Министрліктің ақпараты бойынша автобустың маркісі  — Kassbohrer Setra X 335 РСМ. 1989 жылы шығарылған, сыйымдылығы — 59 адам.

"Өрт болған жерге жолдағы медициналық құтқару бекеті (4 адам және 1 техника), «ҚазАвтожол» АҚ өкілдері (5 адам және 4 техника), Ырғыз ауданының ТЖБ басшысы, Ырғыз ауданының (4 адам және 1 техника) және Қарабұтақ ауылының өрт сөндіру бекетінен (5 адам мен 1 техника) жіберілді", — деп атап өтілген баспасөз хабарламасында. 


18 қаңтарда сағат 10:30 кезінде Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара-Шымкент тас жолында "Икарус" жолаушылар автобусында өрт шыққан. Автобустың ішінде 57 адам болған. Оқиға орнында 52 адам қаза тапты, олардың барлығы Өзбекстан азаматтары. Бес адам аман қалып отыр, қолдарын ғана күйік шалған.

 

Соңғы жаңалықтар