Ифтар әлде ауызашар? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ифтар әлде ауызашар?

Ифтар әлде ауызашар?

Белгілі журналист Мәди Манатбек ауызашарды "ифтар" дейтіндерге шүйлікті.

  • 16 Мамыр 2019
  • 233
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Қанша қазаққа, қанша қазақы азаматқа, аузының дуасы бар деген қанша танымал тұлғаға "ифтар" емес "ауызашар", "ауызашар", "ауызашар" деп талмай айтып келеміз. Сонда да қоймай ифтар дейді. Ауызашар туралы көлемді мақала жазып, бір сөзді қайталай бермес үшін қолданса бір сәрі. Бізге ауызашарға келіңіз, бірге отырып ауыз ашайық,- дегеннің не ыңғайсыздығы бар?! Әлде қазақтың сөзі боғауыз боп естілетіндей, жиіркенетіндей жағдайға жетті ме? Қазір дәмханаларға барсаң да ифтар мәзірі деп тұрады. Бұны кім қадағалайды өзі? Имамдардан, тіл комитеті мен тіл басқармаларынан өтінсек бола ма екен? Ағайындар, азаматтар, біздің тым еліктегіш халық екенімізді, өзімізден өзгенің сөзін қадірлейтінімізді ескерсеңіздер, қазақты аясаңыздар деген өтінішім бар. Құдай үшін, ифтар емес АУЫЗАШАР деп айтайықшы", — деп жазды ол.

Соңғы жаңалықтар