II Елизаветаны жерлеу рәсімі қай күні өтетіні белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
II Елизаветаны жерлеу рәсімі қай күні өтетіні белгілі болды

II Елизаветаны жерлеу рәсімі қай күні өтетіні белгілі болды

 

  • 11 Қыркүйек 2022
  • 960
Фото - Caravan.kz

Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаны жерлеу рәсімі дүйсенбі, 19 қыркүйекте Вестминстер аббаттығында өтеді. Бұл туралы Букингем сарайы Twitter-де хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Патшайымды жерлеу рәсімі 19 қыркүйекте таңғы сағат 11.00-ге жоспарланған. Королева Виндзор қамалының аумағындағы әкесі король VI Георгтың мемориалдық шіркеуінде жерленеді.

II Елизаветаны жерлеу күні Ұлыбританияда демалыс жарияланған.


Еске салайық, Ұлыбритания патшайымы II Елизавета 8 қыркүйекте 96 жасында дүниеден өтті. 2022 жылы патшайымы II Елизаветаның тақта отырғанына 70 жыл толды. II Елизавета 1952 жылы 6 ақпанда әкесі король VI Георг қайтыс болғаннан кейін 25 жасында патшайым болған.