ІІМ-нің мәлімдемесі: Ринатты ешкім ұстаған жоқ, ол үйінде болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ІІМ-нің мәлімдемесі: Ринатты ешкім ұстаған жоқ, ол үйінде болды

ІІМ-нің мәлімдемесі: Ринатты ешкім ұстаған жоқ, ол үйінде болды

 

  • 11 Маусым 2019
  • 453
Фото - Caravan.kz

Ішкі істер министрлігі ақын Ринат Зайытовты не үшін ұстағанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев Алматы-Аренада заңсыз митингке шыққаны үшін Зайытовты ұстағаны айтты. 

"Рұқсат етілмеген митингіге шыққандар арасында Ринат Зайытов та бар. Прокуратура мен әкімдіктің қарсылығын тыңдамағандықтан, оларды ұстап әкетті. Полиция бөлімшесінде түсіндіру жұмысы жүргізілді. Кейін үйлеріне жіберілді. Осыдан соң бір топ адам Ринатты босатуды талап етіп қайта жиналды. Бұл уақытта Ринат өз үйінде болған. Оларды сендіру үшін Ринатты қайта сол жерге алдыруға тура келді", — дейді Қожаев. 

Айтуынша, осыдан соң да жастар үйіне тарамай, Алматы көшелерімен кеткен. Олар Сайран автовокзалына дейін жүріп барды. 


Соңғы жаңалықтар