Іле Алатау ұлттық паркіндегі қанды қырғынға қатысты сот отырысы ашық өтетін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Іле Алатау ұлттық паркіндегі қанды қырғынға қатысты сот отырысы ашық өтетін болды

Іле Алатау ұлттық паркіндегі қанды қырғынға қатысты сот отырысы ашық өтетін болды

Іле Алатауы табиғи паркіндегі қанды қырғынға қатысты сот отырысы енді ашық өтетін болып шешілді. Ал басты күдікті – Саян Хайровтың істі басынан тергеу туралы өтінішін судья қабылдаған жоқ. Ашық соттың алғашқы отырысы 14-ші қазанға белгіленіп отыр.  

  • 28 Қыркүйек 2013
  • 432
Фото - Caravan.kz


Сотта құрықтау операциясы кезінде қаза тапқан жасөспірімдердің өлімі де сұралуы мүмкін. Әзірге 13 адамның өлімі бойынша бір ғана күдікті ұсталған. Ол лаңкестік топ жетекшісі — Саян Хайров. Ал оның сыйбайласы Зәуірбек Ботабаевты құзырлы органдар қанша іздесе де таппай жүр. Естеріңізге салсақ, былтыр тамызда Іле Алатауы паркін жасырын мекендеген лаңкестер екі бірдей қорықшының отбасын қырып салған болатын. Көп ұзамай күш құрылымдары ізіне түсіп, қаніпезерлердің көзін жойды. Ал аман қалған топ жетекшісі «терроризм» бабы бойынша өзіне тағылған айыптарды әлі де мойындамай отыр.