Индонезияда қуатты екі жер сілкінісі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Индонезияда қуатты екі жер сілкінісі болды

Индонезияда қуатты екі жер сілкінісі болды

Алматы. 17 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Индонезияда қуатты екі жер сілкінісі болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

  • 17 Қараша 2008
  • 511
Фото - Caravan.kz

Бірінші жер асты дүмпуінің қуаты Рихтер өлшемі бойынша 7,8 балл болды. Бірден цунами болу қаупі жөнінде жария етілді.

Жер сілкінісінің ошағы теңізде, Сулавеси аралдарындағы Горонтало қаласынан солтүстік-батысқа қарай 138 шақырым жерде, 10 километр тереңдікте болған.

Осыдан бірнеше минуттан кейін тағы да осы жерде қуаты 6 балл болатын жер асты дүмпуі қайталанды.

РБК хабарламасына сәйкес, құрбан болғандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ. Бір жарым сағаттан кейін сейсмологиялық қызметтер цунами жөніндегі ескертуді алды.

Еске сала кетейік, 2004 жылдың желтоқсан айында Үнді мұхитында болған су астындағы жер сілкінісінен кейін цунами болып, ол қазіргі заман тарихындағы ең алапат зілзала деп бағаланған. Қуатты толқындар Индонезия, Үндістан, Таиланд, Шри-Ланка мен басқа да елдердің жағалауына жетті. Сол кезде цунами салдарынан түрлі мәліметтерге сәйкес 200 — 250 мың адам қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар