Индонезияда ұшақ апатынан қаза тапқан 54 адамның денелері түгел табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Индонезияда  ұшақ апатынан қаза тапқан 54 адамның денелері түгел табылды

Индонезияда ұшақ апатынан қаза тапқан 54 адамның денелері түгел табылды

Индонезияда «ATR 42-300» ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқан 54 адамның денелері түгел табылды. Енді марқұмдардың жеке бастарын анықтау үшін ДНК сараптамасы жүргізілмек.

  • 19 Тамыз 2015
  • 204
Фото - Caravan.kz

 «Trigana Air Service» компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы өткен жексенбіде Папуа провинциясы маңында апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ Жаяпурадан Оксибил қаласына бағыт алған екен. Бірақ әуеге көтерілгеннен кейін жарты сағаттан соң радардан жоғалып кеткен. «ATR 42-300» қалдықтары кеше орманды алқаптан табылды. Бүгін Индонезия билігі ұшақтың құлауына ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін деген болжамын жария етті. Папуа – онсыз да қалың тұманды, әрі жауын-шашыны мол аймақ.  Жексенбі күні де мұнда қатты нөсер жүрген екен. Дегенмен, ұшақ тауға соғылуы мүмкін деген де тұспал бар.  

Соңғы жаңалықтар