Индустрия министрлігі коммуналдық шаруашылық нысандарын кәсіпорындардың балансына берудің ретін жеңілдетуді ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Индустрия министрлігі коммуналдық шаруашылық нысандарын кәсіпорындардың балансына берудің ретін жеңілдетуді ұсынады

Индустрия министрлігі коммуналдық шаруашылық нысандарын кәсіпорындардың балансына берудің ретін жеңілдетуді ұсынады

Астана. 25 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" -Қызмет көрсететін кәсіпорындар балансына инженерлік-коммуналдық құрылым нысандарын тегін беру кезінде оларды корпоративтік табыс салығынан (КТС) босату керек дегенді, бүгін үкіметтің отырысында ҚР индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 25 Желтоқсан 2007
  • 484
Фото - Caravan.kz

Министрдің айтуынша, осы арқылы «Қызмет көрсететін кәсіпорындар балансына басқа кәсіпорындар есебінен салынған инженерлік-коммуналдық құрылым нысандарын тегін беру кезінде бірсыпыра мәселелерді шешуге болады». «Бұл орайда нысандарды мемлекеттік және жеке меншікке пайдалануға алатын ұйымдар, мүлік құнынан КТС төлеулері керек. Ал эксплуатациялық ұйымдарда ондай қаржының болмайтыны белгілі», — деп айтты ол.

Ғ. Оразбақовтың ұсынысы бойынша, облыстық әкімдіктерге мүлікті сенімді басқаруға немесе жалға тапсыру тәртібін орнату құқығын беріп, ҚР » Мемлекеттік жергілікті басқару туралы» заңына тиісті өзгерулер енгізу керек».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті