Индустрия және сауда министрлігі әкімдіктерге арзан тұрғын үйді мемлекеттік-жеке меншік серіктестік есебінен салуды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Индустрия және сауда министрлігі әкімдіктерге арзан тұрғын үйді мемлекеттік-жеке меншік серіктестік есебінен салуды ұсынады

Индустрия және сауда министрлігі әкімдіктерге арзан тұрғын үйді мемлекеттік-жеке меншік серіктестік есебінен салуды ұсынады

Астана. 28 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ҚР индустрия және сауда министрлігі әкімдіктерге өзгертілген мемлекеттік тұрғын - үй бағдарламасы аясында арзан баспананы мемлекеттік жеке меншік серіктестік есебінен салуға болады деген ұсыныс жасады. Бұл туралы бүгін үкіметтің селекторлық жиналысында ҚР индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов құлағдар етті деп, хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 28 Қаңтар 2008
  • 507
Фото - Caravan.kz

«Арзан баспананы мемлекеттік жеке меншік серіктестік есебінен салу керек. Бағдарламада біздер әкімдіктерге құрылыс нысандардың бірінші қабаты мен мансардасында қосымша офистерді салу туралы ұсыныстарымызды қосып жазамыз «, — деді Ғ. Оразбақов.

«Мердігер бұл шаршы метр алаңдарын өз тарапынан нарықтық бағамен сатып, пәтерлерге қатысты белгіленгін бір шаршы метрін 56 мың 515 теңге құнын ұстап отыруына демеу болады «, — деп толықтырды ойын ол.

Министрдің айтуынша, бұл шара белгіленген шаршы метрдің құнын өзгертпей, сол күйінде ұстап тұруға мүмкіндік береді, тіпті, «құрылыс материалдары қымбаттағанның өзінде, оған байланысты болмайды». «Ал қазірдің өзінде, олардың құны өспеуі керек «, — деп атап өтті ол.

«Яғни арзан баспана салатындар өздерінің табыстарын бірінші және соңғы мансарда қабаттары есебінен таба алатын болады «, — деді ол.

Журналистерге сұхбат берген министрдің айтуынша, «арзан баспанаға қатысты белгілі бір талаптар қойылады. Олардың шаршы метрін азайтылып, үй төбесінің биіктігі қысқартылып, ғимаратты салатын құрылыс материалдары мен оның көрінісі қарапайымдау болғандықтан, оның құрылысын бұрынғы арзан құнмен салуға мүмкіндік болады «. «Ал оның сапасы да жақсы болуға тиіс, оны әкімдіктер бақылауға алуы керек «, — деп қорытындылады Ғ. Оразбақов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті