«Статистиканың мәліметтері бойынша «Мегалайн» өзінің тарифтерін 20% азайтып, интернетті пайдаланушылардың қатарын екі есеге ұлғайтты», — деп еске салды Қ. Есекеев.
«Менің пікірімше, егер болашақта тарифтерді төмендету үрдісі жалғасатын болса, онда тұтынушылар саны жақын уақытта 20 % жетеді «, — деп толықтырды ол өз ойын.
Қ. Есекеев айтқанындай, жалпы халық арасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы аясында 20 % көрсеткішке 2009 жылы жетеді деп агенттік болжамдаған болатын.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, маркетингтік ICT Marketing агенттігі, 2007 жылы ҚР интернет желісін пайдаланып отырған 1 млн 600 мың тұтынушы тіркелген, бұл жалпы халықтың 11% құрайды. «Жыл сайын пайдаланушылар саны өсіп, олар интернетте негізгі «Қазақстан», «Астана» және «Алматы» сөздерін іздестіруде. «Яндекс» және «Рамблер» компанияларының мәліметтері бойынша бүгінде Қазнеттің ресурстарын ай сайын 1 млн адам пайдалануда. Оның 62 % Қазақстан халқы, 29 % Ресей тұрғындары, 4 % ТМД басқа елдері, 3% — Еуропа, 1% — Солтүстік Америка мен Азияға тиесілі, 0,5 — басқа мемлекеттердің халықтары», — деп қорытындылады К. Есекеев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті