Интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан әлемде соңғы орынның бірінде тұрақтады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.19
  • 606.42
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан әлемде соңғы орынның бірінде тұрақтады

Интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан әлемде соңғы орынның бірінде тұрақтады

Интернет жылдамдығы бойынша он үздік мемлекет тізіміне Сингапур, Гонконг, БАӘ, Франция, Чили, АҚШ, Исландия, Дания, Испания және Швейцария кірді

  • 13 Ақпан
  • 5
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Былтыр желтоқсан айының қорытындысы бойынша Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша мемлекеттер рейтингінде 88-ші орынға тұрақтады. Рейтингті төменнен санасақ, республика интернет жылдамдығы ең төмен 35 мемлекеттің қатарына кірді, деп хабарлайды Ranking.kz.

Қазақстанды дамыған елдер ғана емес, экономикасы айтарлықтай әлсіз мемлекеттер де басып озды, дейді ақпараттық портал.

Ресей (66-орын), Украина (72-орын), Өзбекстан (74-орын), Беларусь (78-орын), Моңғолия (86-орын), Қырғызстан (87-орын) рейтингте Қазақстаннан жоғары орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Интернет жылдамдығы бойынша он үздік мемлекет тізіміне Сингапур, Гонконг, БАӘ, Франция, Чили, АҚШ, Исландия, Дания, Испания және Швейцария кірді.

Қазақстандағы интернет нарығындағы басты қатысушы — «Қазақтелеком» АҚ Ұлттық компаниясы. Өткен жылы компанияда қаржылық көрсеткіш едәуір төмендеген. Былтыр тоғыз айда компанияның таза пайдасы 51,8 млрд теңге болды. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43,1%-ке (91 млрд теңге) аз.

Ұлттық компанияның көлемі ұлғайғанымен, пайда айтарлықтай азайған.

Нарықтың әлсіз дамуы және сәйкесінше интернет жылдамдығының төмен көрсеткіштеріне себеп — инвестицияның аздығы. Өйткені телекоммуникация саласы күрделі және тұрақты инвестицияларды қажет етеді.

Перейти к новостям спорта