Ұялы телефонға түсірілген педагогтың қылығы әлеуметтік желіде біраз дау тудырды. Жеткіншекті «жігіт емессің» деп ғайбаттап жатқан Науаи атындағы мектепте математика пәнінен сабақ берген Юлдуз Наметова болып шықты. Ол өз әрекетін баланың сабақ үстінде тым еркінсіп кеткенімен түсіндірген. Осы оқиғадан соң 26 жастағы ұстаз жұмыстан кетуге мәжбүр болған. Десе де, бұл әрекеті үшін оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.