Инвестициялық және инновациялық жобаларды іріктеу жөніндегі ҚР үкіметінің жанынан құрылған жұмыс тобы әкімшіліктерден 200-ден астам бизнес-жоспар қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Инвестициялық және инновациялық жобаларды іріктеу жөніндегі ҚР үкіметінің жанынан құрылған жұмыс тобы әкімшіліктерден 200-ден астам бизнес-жоспар қабылдады

Инвестициялық және инновациялық жобаларды іріктеу жөніндегі ҚР үкіметінің жанынан құрылған жұмыс тобы әкімшіліктерден 200-ден астам бизнес-жоспар қабылдады

Инвестициялық және инновациялық жобаларды іріктеу жөніндегі ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ, республикалық даму институттарының іс-қызметін үйлестіру шараларын дәйектеу жөніндегі ҚР үкіметінің жанынан құрылған жұмыс тобы іске кіріскен алғашқы кезеңде әкімшіліктерден 200-ден астам бизнес-жоспар қабылдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне жұмыс тобының жетекшісі, ҚР индустрия және сауда министрінің орынбасары Әсет Исекешев бүгін, 20-тамызда хабарлады.

  • 20 Тамыз 2003
  • 1091
Фото - Caravan.kz

Ә.Исекешевтің айтуынша, жұмыс тобының басты мақсаты — отандық кәсіпорындарға болашағы бар жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсету болып табылады. Бұл ретте қосымша құны жоғары, жоғары технологиялық жаңа өндірістер негізін қалауға, ғылыми сыйымдылығы жоғары технологияларды дамытуға бағытталған жобаларға басымдық беріледі. Осы мақсатпен жұмыс тобына барлық мемлекеттік даму институттарының , атап айтсақ, ҚР даму банкі, Инвестициялық қор, экспортттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы, Маркетингтік талдау-зерттеу орталығы, Инжиниринг және трансферт орталығы, шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры, кәсіпкерлер форумы тәрізді институттардың өкілдері қамтылған. Сондай-ақ, жұмыс тобының құрамында қаржы министрлігі мен экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің өкілдері жұмыс істеуде.

Вице-министрдің айтуынша, соның нәтижесіндекәсіпкерлер үшін «жалғыз терезе» принципіне қол жеткізіліп, жоба бұрынғыдай сөзбұйдаға салынбай кешенді қаралуда. Бұдан соң жоба болашақ қолдау мақсатымен даму институттарының біріне қарауға ұсынылады. Мәселен, қазірдің өзінде әкімшіліктерден ұсынылған 10 жоба даму институттарының талқысына жолданды.
Ә.Исекешевтің айтуынша, Қазақстанда жеке меншік сектор белсенді жұмыс істеп, ұсынылған жобалар саны күн санап арта түсуде, ғылыми орталықтар да өз жобаларын ұсына бастады, бір сөзбен айтқанда, елімізде инвестициялық өрлеу белең алды.
Әкімшіліктерден түскен ұсыныстарды іріктеуге бағытталған бірінші кезең аяқталғаннан кейін жұмыс тобы ұлттық компаниялар, банктер мен кәсіпкерлер қауымдастығынан келіп түскен ұсыныстарды саралауға кіріседі. Қажетті жағдайда бірнеше жоба кластерлік принцип бойынша бір кәсіпорынның айналасында бір жобаға біріктіріледі. Сондай-ақ, шетелдік компаниялардың қатысуымен инновациялық және ғылыми сыйымдылығы жоғары өнім өндіретін Бірлескен кәсіпорын құруға бағытталған жобалар да қаралмақшы.

Соңғы жаңалықтар