Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бойынша 4 мыңға жуық қарыз алушының өтінімі мақұлданды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бойынша 4 мыңға жуық қарыз алушының өтінімі мақұлданды

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бойынша 4 мыңға жуық қарыз алушының өтінімі мақұлданды

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бойынша күні бүгінге дейін еліміз бойынша 4 мыңға жуық қарыз алушының өтінімі мақұлданды.

  • 9 Қыркүйек 2015
  • 533
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз брифингі барысында ҚР Ұлттық банкі Қаржылық қызметтерде тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев мәлім етті.

Оның айтуынша, күні бүгінге дейін Қазақстан бойынша барлығы 7 мыңнан астам қарыз алушы өтінім берген. «Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында біз барлығы 25 мыңға жуық қарыз алушыға көмек көрсетуді жоспарлап отырмыз. Яғни, олар 2004-2009 жылдарда ипотекалық несие алғандар және олардың бір ғана баспанасы бар. Солардың ішінде 5-7 мың адам әлеуметтік осал топтарға жатады. Сәйкесінше бірінші кезекте солардың несиелері қайта қаржыландырылады», — деді А. Терентьев. 

Сонымен қатар, ол осы бағдарлама аясында ҚР Ұлттық банкі қарыз алушылар төлеуге тиіс мемлекеттік баж салығын өз мойнына алатындығын жеткізді. «Проблемалық қарыз алушылардың ішінде әсіресе әлеуметтік осал топтарға жататындар банк тарапынан сотқа берілген қуыным арыздарда көрсетілген соманың үш пайыздық баж салығын төлеуге шамалары келмейді. Сондықтан Ұлттық банк бұл соманы өзі төлейтін болды. Бұл 1,5 млрд теңгені құрайды. Сонымен қатар, қазір ҚР Мәжілісінде проблемалық қарыз алушыларды жеке табыс салығынан босату мәселесі қаралуда. Егер ол оң шешімін табар болса,  бұл қарыз алушыларға үлкен көмек болар еді. Өйткені, жеке табыс салығы борышқорлық жүктеменің 10 пайызын құрайды», — деді А. Терентьев. ҚазАқпарат-О-Жаппарберген Айбота 

Соңғы жаңалықтар