Иракта шиит отбасының 16 мүшесін атып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иракта шиит отбасының 16 мүшесін атып кетті

Иракта шиит отбасының 16 мүшесін атып кетті

Бағдаттың оңтүстігіндегі Латифия қаласында қарулы шабуыл салдарынан 16 адам қаза тапты, оның 5-еуі бала, 6-ауы әйел, деп хабарлады Утро.ру шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

  • 5 Қыркүйек 2013
  • 282
Фото - Caravan.kz


Журналистердің ақпаратына қарағанда, содырлар көрші тұратын ағайынды шииттердің отбасына оқ жаудырып, артынан олардың үйлерін жарып жіберген.

Жалпы мұндай шабуылдардың тасасында «Әл-Каидамен» тығыз байланыстағы сүнит топтарының тұратындығы белгілі. Ирактағы конфессияаралық осындай дүрдараздық соңғы айларда тіпті ушығып тұр. БҰҰ мәліметтеріне қарағанда, 2013 жылдың қаңтарынан бергі аралықта осындай шабуылдан 5 мыңнан астам қаза тауып, 12 мыңы түрлі дене жарақатын алған.