Ирактағы екі әуежайда барлық дерлік рейстер ұшырылмайтын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ирактағы екі әуежайда барлық дерлік рейстер ұшырылмайтын болды

Ирактағы екі әуежайда барлық дерлік рейстер ұшырылмайтын болды

Ирактың Эрбиль және Сулеймания қалаларындағы халықаралық әуежайда 23 қарашаға жоспарланған барлық дерлік рейстер ұшырылмайтын болды.

  • 23 Қараша 2015
  • 417
Фото - Caravan.kz

Сулеймания халықаралық әуежайының онлайн-табло мәліметтеріне сәйкес,  23 қарашаға жоспарланған барлық дерлік рейстер ұшырылмайтын болды. Алайда бұл жергілікті уақытпен сағат 03.45 және 5.00-те Ыстамбұлдан келетін, сонымен қатар жергілікті уақытпен сағат 4.45-те Ыстамбұлға ұшатын рейске әсерін тигізбеді.

Эрбиль халықаралық әуежайының онлайн-таблосында да 23 қарашада көптеген рейстер ұшырылмағанын байқауға болады.  Жергілікті уақытпен сағат 00.40-та ұшақ Ыстамбұлға ұшты, ал Ыстамбұлдан рейс жергілікті уақытпен сағат 02.25-те келді. Тағы бес рейс туралы ақпарат әзірге жоқ.

24 қарашадағы рейстер туралы мәліметтер айтылмады. Тек Ыстамбұлға ұшатын не одан келетін рейстер ғана өзгеріссіз кесте бойынша жүзеге аспақ.


Екі әуежайдағы ұшақтарды ұшыру уақытындағы өзгерістер себебі туралы айтылмаған, деп жазды РИА Новости.

Соңғы жаңалықтар