Ирактағы Қазақстандық бітімгерші батальонның құрамын ауыстыру бөлімшенің жұмыс сапасына әсер етуге тиіс емес - ҚР СІМ-нің орынбасары - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ирактағы Қазақстандық бітімгерші батальонның құрамын ауыстыру бөлімшенің жұмыс сапасына әсер етуге тиіс емес - ҚР СІМ-нің орынбасары

Ирактағы Қазақстандық бітімгерші батальонның құрамын ауыстыру бөлімшенің жұмыс сапасына әсер етуге тиіс емес - ҚР СІМ-нің орынбасары

Ирактағы Қазақстандық бітімгерші батальонның құрамын ауыстыру бөлімшенің жұмыс сапасына әсер етуге тиіс емес. Бүгін, 26-қарашада ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Әбусеитов Алматыда осындай пікір білдірді.

  • 26 Қараша 2003
  • 483
Фото - Caravan.kz

Министр орынбасарының айтуынша, бітімгершілік батальон құрамын ауыстыратын мерзім жетті. Бөлімше құрамын ауыстыратын нақты мерзімді ҚР қорғаныс министрлігі айқындайды. «Министрлік қазір осындай жұмыстар жүргізіп жатыр»,- деді ол.

Сондай-ақ, Қ.Әбусеитов Иракта ұлттық үкімет құру қажеттігін қолдайтынын білдірді. Бұл орайда әлемнің басқа елдері ұлттық үкімет аяғынан тұра бастаған сәттен бастап оның жұмысына кедергі келтірмеу үшін бұл елге көрсетілетін көмек аясын қысқартуы тиіс.
Вице-министр Ирак үкіметін құруда халықаралық қоғамдастықтың қатысуымен «Ауғанстанда қолданылған үкімет құрудың ең озық тәжірибесі » пайдаланылуы мүмкін деген пікірді ортаға салды. Үкімет жұмысының тиімділігін арттыру үшін Ирак үкіметіне онда тұратын барлық халықтардың өкілдері қамтылуы тиіс.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Қазақбатальоны» инженерлік-саперлік отряды екі топқа бөлініп 19 және 20-тамызда Кувейтке ұшып кеткен болатын. Мұнда бітімгершілер күн райының өзгерісіне бейімделу сатысынан өтті. Отряд Бағдад қаласынан солтүстік-шығысқа қарай Иран шекарасына таяу жердегі поляктарға қарасты аймақта орын тепкен. Қазақстандық бітімгершілік топтың басты мақсаты — жарылғыш заттар құрылған алаңдарды залалсыздандыру және ауыз су көздерін табу болып табылады. Ондағы қазақстандық бітімгершілік отряд құрамында 27 әскери қызметкер бар.

Соңғы жаңалықтар