Ирактағы Қазбат бітімгершілік бөлімшесінің жауынгерлері құрамын өзгерту ақпан айында басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ирактағы Қазбат бітімгершілік  бөлімшесінің жауынгерлері  құрамын өзгерту ақпан айында басталады

Ирактағы Қазбат бітімгершілік бөлімшесінің жауынгерлері құрамын өзгерту ақпан айында басталады

Ирактағы Қазбат бітімгершілік мақсаттағы инженерлік-саперлік бөлімшесінің жауынгерлері құрамын өзгерту белгіленген жоспарға сәйкес ақпан айында басталады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Қаңтар 2004
  • 563
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Қазақбатальоны» инженерлік-саперлік отряды екі топқа бөлініп 19 және 20-тамызда Кувейтке ұшып кеткен болатын. Мұнда бітімгершілер күн райының өзгерісіне бейімделу сатысынан өтті. Отряд Бағдад қаласынан солтүстік-шығысқа қарай Иран шекарасына таяу жердегі поляктарға қарасты аймақта орын тепкен. Қазақстандық бітімгершілік топтың басты мақсаты — жарылғыш заттар құрылған алаңдарды залалсыздандыру және ауыз су көздерін табу болып табылады. Ирактағы Қазақстан бітімгершілік тобында 27 адам бар.

Қазақстандық жауынгерлер онда 6 ай аялдайды деп межеленген болатын.
Бүгінде, АҚШ Қарулы күштері Орталық Қолбасшылығымен келісім бойынша ҚР Қорғаныс министрлігінің жоспарына сәйкес Қазбаттың екінші тобы Иракқа баруға дайындалып жатыр.

Соңғы жаңалықтар