Ирактың солтүстігінде қуатты 2 жарылыс орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ирактың солтүстігінде қуатты 2 жарылыс орын алды

Ирактың солтүстігінде қуатты 2 жарылыс орын алды

Ирактың солтүстігінде орналасқан Туз Хурмато қаласында қуатты 2 жарылыс болды. Көлікке орнатылған бомбаның іске қосылуынан кемінде 11 адам қаза тапты. Бұл жайында Утро.ру жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлады.

  • 1 Қыркүйек 2013
  • 345
Фото - Caravan.kz

Бірінші бомба қалаға кіре беріс жолда жарылса, оқиға орын алған жерге жергілікті тұрғындар жақындаған мезетте екінші құрылғы да іске қосылған. Қаза тапқандардың басым бөлігі — балалар.

Айта кетейік, таяуда Бағдадтың солтүстігіндегі Самара қаласындағы жарылыс салдарынан кемінде 16 адам қаза тапқан болатын.