Иран Каспий аймағындағы мұнай өндіру көлемі артады деген болжам айтады
Иран мұнай министрінің орынбасары Хамдолла Мохаммад-Нежад 2010-жылы Каспий теңізінің мұнайлы кеніштерінде тәулігіне 3,8 млн. баррель мұнай өндіріледі деп мәлімдеді ,- деп хабарлайды Иран.ру. |
Мұнай министрі орынбасарының айтуынша, бұл аймақта тәулігіне орта есеппен 1,3 млн. баррель мұнай өндірілуде.
Министрдің орынбасары Каспий аймағында өндірілген қуат көздерін экспорттауда "солтүстік-оңтүстік" дәлізін құрудың маңызын жоғары бағалады.
Оның айтуынша, Каспий аймағында мұнай өндірудің орташа өзіндік құны бір баррель үшін 5 долларды құрайды, ал Теңіз кенішінде бұл көрсеткіш 2-2,5 доллар аралығында.
Хамдолла Мохаммад-Нежадтың хабарлауынша, Иранның Нека айлағы болашақта тәулігіне 1,5 млн. баррельге дейін мұнай қабылдауы тиіс.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін