Иран компаниясы түркмендердің Каспии жағалауында теңіз айлағын кеңейтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иран компаниясы түркмендердің Каспии жағалауында теңіз айлағын кеңейтеді

Иран компаниясы түркмендердің Каспии жағалауында теңіз айлағын кеңейтеді

Алматы. 7 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Иранның "Парс Энерджи" компаниясы Қиянлы теңіз терминалында сұйық газды тиеп жіберу үшін Түркменстанда теңіз айлағын кеңейтетін болады, деп хабарлайды агенттік Turkmenistan.ru. ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 7 Наурыз 2008
  • 543
Фото - Caravan.kz

Түркменстанның ақпараттық агенттігі хабарлағанындай, Түркменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовтың қаулысымен, Түркменбашы мұнай өңдеу зауыттарының кешені компаниямен келісім шарт жасасады. Сондай-ақ, компания Түркменбашы-Қиянлы бағытында шойын жолды салуды жоспарлап отыр.

Келісім шарттың жалпы қаржы көлемі $29,3 млн құрайды. Құрылыс жұмыстары үстіміздегі жылдың сәуір айында басталып 2010 жылдың сәуір айында аяқталады деп жоспарланған.

Turkmenistan.ru агенттігі хабарлағанындай, «Парс Энерджи» компаниясы сонымен қатар «Аваза» түркмен ұлттық туристік аймағының территориясында бірқатар нысандарды тұрғызбақшы. Түркменстан президенті Г. Бердымұхамедов желтоқсан айында болған кездесуде компания басшысы Ахмад Рамазани Каспий жағалауында заманауи мейманхана кешені мен сауда орталығын салу жөнінде ұсынысын айтқан болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті