Жарияланды: 480

Иран мұнай экспортын тағы да көбейтіп жатыр

Иран мұнай экспортын тағы да көбейтіп жатыр Сурет - islamnews.ru

Дүйсенбідегі таңғы саудада мұнай бағасы арзандай бастады. Оған себеп Иранның экспорт көлемін көбейтуі мен АҚШ бұрғылау құрылғылары санының артуы, деп жазады investing басылымы.

Астана уақытымен сағаь 12.25 -те Брент маркалы мұнай фьючерсі 0,42 пайыз азайып, $56,86-ға тең болды.

Трейдерлердің айтуынша, бағаның арзандауына Иранның мұнай экспортын көбейтуі сеп болған. ОПЕК елдері жаппай мұнай өндірісін азайтып жатқанда Иранның керісінше жасауы, былтыр жыл соңында қабылданған ОПЕК+ келісімінің орындалуына күмән ұялатады.

ОПЕК келісімін орындаудан осылайша бас тартқан Иран санкцияға дейінгі өзінің экспорттық қуатын қалпына келтіру үшін 13 млн баррельден астам мұнай сатты, деп жазады басылым.

Сонымен қатар АҚШ-тағы жұмыс істеп тұрған бұрғылау құрылғыларының көбеюі де бағаны төмен тартқан.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін