Иранда Қазақстан елшілігіндегі сайлау учаскесінде өтініш берген барлық сайлаушылар дауыс берді - ҚР СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иранда Қазақстан елшілігіндегі сайлау учаскесінде  өтініш берген барлық сайлаушылар дауыс берді  - ҚР СІМ

Иранда Қазақстан елшілігіндегі сайлау учаскесінде өтініш берген барлық сайлаушылар дауыс берді - ҚР СІМ

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 18 тамыз. АСТАНА. Иранда Қазақстан елшілігіндегі сайлау учаскесінде өтініш берген барлық сайлаушылар дауыс берді. Бұл туралы агенттік тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 19 Тамыз 2007
  • 445
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, парламент мәжілісінің кезектен тыс сайлауы бойынша №130 сайлау учаскесі Қазақстан Республикасының Тегерандағы елшілігінде жергілікті уақытпен 7.00-де ашылды.

«Дауыс беру процедурасына Қазақстан елшілігінің қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері, осы елде аккредитацияланған халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ, Иранда уақытша жүрген басқа да Қазақстан азаматтары қатысты», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

СІМ мәліметтеріне сәйкес, Тегеран уақытымен 15.00 сағаттағы жағдаймен дауыс беруге өтініш берген 46 адам, соның ішінде»Казахстанкаспийшельф» ААҚ-ның 16 қызметкері дауыс берді, олар Парсы шығанағы бассейнінде, кезекшілікпен қызмет етіп жүрген жерлерінде таңдауларын білдірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті