Иранның "Женева-2" конференциясына шақыруы қайтарып алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иранның "Женева-2" конференциясына шақыруы қайтарып алынды

Иранның "Женева-2" конференциясына шақыруы қайтарып алынды

БҰҰ сирия дағдарысын бейбіт реттеу жөніндегі «Женева-2» конференциясына Иранға берілген шақыруды қайтарып алды, деп хабарлайды Би-би-си.

  • 21 Қаңтар 2014
  • 286
Фото - Caravan.kz

БҰҰ өкілі Мартин Несирки Сирияда өтпелі үкімет қалыптастыру жоспарын қолдағысы келмеген Тегеранның ұстанымын сынға алды.

Би-би-си мәліметіне сәйкес, Сирия Ұлттық оппозициялық коалициясы конференцияға қатысатынын растаған.

Бұдан бұрын коалиция өкілдері онда бірқатар шарттарды орындаудан бас тартып отырған Иран делегациясы болса Женеваға бара алмайтындарын мәлімдеген.