Ірі компаниялар карантиннен кейін кеңседе жұмыс істеуден бас тартады - БАҚ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ірі компаниялар карантиннен кейін кеңседе жұмыс істеуден бас тартады - БАҚ

Ірі компаниялар карантиннен кейін кеңседе жұмыс істеуден бас тартады - БАҚ

Oracle, Okta және тағы басқа ірі технологиялық компаниялар кеңседегі жұмыс мәселесіне келгенде екі ойлы. Тәжірибе кеңсе қызметкерлері үйден жұмыс істегенде жақсы нәтиже көрсетінін аңғартқан.

  • 23 Сәуiр 2020
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Нәтижесінде WeWork коворкингтеріне қарағанда икемді жаңа бизнес модель пайда болуы мүмкін. Мәселен, Oracle компаниясының негізін қалаушылардың бірі, директорлар кеңесінің басшысы Ларри Эллисон YouTube және Zoom компанияларына видеобайланыстың жоғары сапасы үшін алғыс білдірген. Компания енді жеке кездесулер жасамайтынын мәлімдеген. Oracle компаниясында 136 мыңға жуық қызметкер бар екен. 

"Егер шын мәнінде үйден жұмыс істей алатын болса, дүниежүзі бойынша үлкен кеңселер не үшін қажет? Бәлкім, сізге де барлық адамның кеңседе отырғаны қажет емес шығар? Бәлкім сізге де жылжымайтын мүлік керек емес шығар. Бәлкім оның жартысы ғана керек шығар", — дейді SAP Rimini Street компаниясының өкілі Сет Рэйвен. Оның компаниясы Лас-Вегаста орналасқан және дүниежүзі бойынша 30 кеңсе бар. 


Сет Рэйвеннің ұстанымын Okta компаниясының өкілі Тодд МакКиннон қолдаған. Компанияда 2248 қызметкер бар. Оның көбі Сан-Францискодағы бас кеңседе, қалғаны өзге елдерде орналасқан 12 кеңседе жұмыс істейді. 

"Біз кеңселердің санын ұлғайтуды жоспарлағаннбыз. Бірақ қашықтан жұмыс істеу керісінше шаршы метрлердің қысқаруына әкеліп соғуы мүмкін", — деді МакКиннон. 

Соңғы жаңалықтар