Ішімдік ішіп, үш күн комада жатқан 13 жасар қыздың анасы жауапқа тартылды - БҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ішімдік ішіп, үш күн комада жатқан 13 жасар қыздың анасы жауапқа тартылды  - БҚО

Ішімдік ішіп, үш күн комада жатқан 13 жасар қыздың анасы жауапқа тартылды - БҚО

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар ісі жөнінде мамандандырылған ауданаралық соты 13 жасар қыздың анасын бала тәрбиесіне көңіл бөлмегені үшін жауапқа тартты.

  • 24 Қазан 2014
  • 612
Фото - Caravan.kz

Облыстық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, қыз бала алкогольді ішімдік ішкеннен кейін үш күн ес-түссіз жатқан.

Қыздың анасын әкімшілік заңбұзушылық жасады деп таныған сот оған 1852 теңге көлемінде айыппұл салды.

Іс материалдарына сүйенсек, оқиға Орал қаласында болған. Қыз бала сыныптасының туған күніне барған. Оқушылар дүкеннен арақ алып, оны көшеде ішіп алған көрінеді.

Содан кейін не болғаны қыздың есінде жоқ. Ол есін үш күннен кейін аурухананың жансақтау бөлімінде жиыпты.