Ислам даму банкі мен Қазақстан даму банкі ҚР ИИДС аясындағы инвестициялық жобаларды бірлесе жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ислам даму банкі мен Қазақстан даму банкі ҚР ИИДС аясындағы инвестициялық жобаларды бірлесе жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды

Ислам даму банкі мен Қазақстан даму банкі ҚР ИИДС аясындағы инвестициялық жобаларды бірлесе жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан даму банкі өкілдерінің Ислам Даму банкінің штаб-пәтеріне жасаған ресми сапары аяқталды. Сапар барысында бірқатар құжаттарға қол қойылды. Олардың арасында Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму стратегиясы (ҚР ИИДС) аясындағы инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды бірлесе жүзеге асыру жөніндегі екі банк арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық меморандумы да бар. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстан Даму банкінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Ақпан 2004
  • 718
Фото - Caravan.kz

Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде Ислам Даму банкі Қазақстан экономикасы үшін маңызды ірі жобаларды жүзеге асыру мақсатында Ислам даму банкіне мүше елдер тобынан инвестиция тартуда Қазақстан даму банкіне ықпалдастық жасауы тиіс. Отандық энергетика, көлік инфрақұрылымы және ауылшаруашылығына арнап машина жасау саласын дамытуға бағытталған жобаларға басымдық берілмекші.

Қазақстан даму банкі еліміздің ішкі экономикасын дамыту, отандық өнімдердің шетелдедрегі өтімділігін арттыру, Орталық Азия аймағы елдерінің нарық әлеуетін тиімді пайдалану үшін экспортқа арнап қосалқы құны жоғары өнімдер өндірісіне несие беруді басты мақсат етіп қояды.