Жарияланды: 440

Ислам даму банкінің президенті «Достық» орденімен марапатталды

Ислам даму банкінің президенті «Достық» орденімен марапатталды

Ислам даму банкінің президенті Ахмед Мұхаммед Али әл-Мадани І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды, делінген мемлекет басшысының баспасөз қызметінің ақпаратында.

«Мен сіздің ынтымақтастығыңыз, сіздің елеулі еңбегіңіз, бізде исламдық қаржыландыруды дамытқаныңыз үшін сізді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойдым... Біз ИДБ-нің еліміздегі қызметіне көп мән береміз. Біз Қазақстанда аймақтық исламдық қаржы орталығын құруды көздеп отырмыз. Қазірдің өзінде екі банк аштық», - деді ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев сәрсенбі күні ИДБ басшысымен Астанадағы 7-ші Дүниежүзілік исламдық экономикалық форумның аясында кездесу барысында. ИДБ президенті мемлекет басшысына осынау жоғары марапат үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, ол «7-ші дүниежүзілік исламдық экономикалық форумды өткізгені үшін Қазақстан президентіне, үкіметіне және халқына шын жүректен алғыс» білдірді», деп хабарлайды ҚР президентінің баспасөз қызметі. «Бұл форумда қабылданған шешімдер мен ұсыныстар, соның ішінде Қазақстанның президенттері айтқан ұсыныстар да, Қазақстан мен Ислам конференциясы ұйымына мүше басқа елдердің арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге жол ашады деген сенімдемін», - деді А. Али Н. Назарбаевпен кездесуден кейін. «Сонымен бірге, кездесуде Астанада өтетін ИКҰ сыртқы істер министрлерінің алдағы кездесуін талқыладық. Бұл Қазақстан мен ИДБ-ға мүше-мемлекеттердің арасындағы қарым-қатынастарды кеңейтудің тағы бір мүмкіндігі болмақ», - деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін