Ислам Кәрімов пен қызы Гүлнардың арасындағы жанжал күшейіп барады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ислам Кәрімов пен қызы Гүлнардың арасындағы жанжал күшейіп барады

Ислам Кәрімов пен қызы Гүлнардың арасындағы жанжал күшейіп барады

Өзбекстан президентінің отбасы үлкен жалжал ортасында қалды. Жік, Ислам Кәрімов пен үлкен қызы Гүлнардың арасында шыққан. Ақпарат құралдары мұның себебін сан-саққа жүгіртіп жатыр. Әкесі сауыққұмар Гугушаның батыс басылымдарындағы ашық-шашық суреттері үшін жазалаған көрінеді. Дегенмен кикілжіңнің басы тереңде секілді. Қазір өзбек билігі Гүлнарға тиесілі бірнеше радио мен телеарнаны жауып, құзырлы орындар тергеу жұмыстарын бастады. Сонымен қатар үлкен қыздың жақын достарына қысым көрсетіліп жатса, Гүлнардың өзіне шекара асуға тыйым салынған.

  • 1 Қараша 2013
  • 382
Фото - Caravan.kz

Шетелде дипломат болып, еліне оралған соң поп-жұлдыз бен киім дизайнеріне айналған өзбек басшысының қызы Гүлнар Кәрімованың басына биыл қара бұлт үйірілді. Күні бүгінге дейін Кәрімовтың тұңғышы әкесінің орынтағына бірден-бір үміткер ретінде аты аталып келген болатын.

Опа-далап пен иіс су және зергерлік бұйымдар шығарып, не істерін білмей әр істің басын шалған сауыққұмар қыз енді әкесінің қаһарына ілінген сыңайлы. Оны Гүлнардың өзі де әлеуметтік желілер арқылы ашық жазуда.

«… Сталин тарихта болған, қазір де бар… ол менің әкем! Сол қалпында мен өлгенше қала бермек…» В.Сталин («Сын Отца Народов» фильмінен)

Осыдан соң Ислам Кәрімовтың үлкен қызына қарсы компания толық іске қосылса керек. Ашық соғыстың басы өткен айда Гүлнардың туған бөлесі, белгілі кәсіпкер Акбарәлі Абдоллаевтың тұтқындалуынан басталған. Үлкен қыздың бизнесін жүргізген Аблоллаевті Гугушаның өзі жиын-тойларды Өзбекстанның келесі президенті деп таныстырған көрінеді. Ал оның Ислам акаға ұнамағаны анық. Ал 21-ші қазанда Гүлнарға тиесілі «Terra Group» медиахолдингіне қарайтын үш радио және төрт телеарнаның жұмысы тоқтаса, сейсенбіден бері холдингті құзырлы орындар тексеріп жатыр. 


Сіздерге «Форум-ТВ» телеарнасының ғұмыры оның ашылуына дейін шешіліп қойылған сияқты болып көрінбей ме? Солай болды! Бірақ әрекетсіз отыру – одан да қиын!

Сонымен қатар президенттің үлкен қызы ұйымдастырған әлеуметтік шараларға Өзбекстанның БАҚ өкілдеріне баруға тыйым салыныпты. Сондықтан қыруар ақша жұмсалып, «Style.uz» өнер және сән апталықтары мүлдем елеусіз қалған. Бірақ соған қарамастан, Гүлнар Кәрімова қарсыласпай, шыдамдылық танытуды жөн көріпті.

Гүлнара Кәрімова, Ислам Кәрімовтың қызы:

Біреудің осал тұстарын пайдаланып оған қарсы әрекет жасау адамгершілікке жатпайды. Бұл кикілжің тудырып, жағдайды ұшықтырудың амалы болар. Мен бұндай жолдан бас тартамын.

Ал Еуропада Гүлнардың серіктестеріне қатысы бар жемқорлық оқиғасы ушығып барады. Енді тергеу жұмыстарын Швеция мен Швейцариядан өзге Франция және Латвияның құқық қорғау органдары жүргізуде. Кәрімованың БҰҰ-да ресми өкілдігі аяқталған соң тергеу осындай үлкен аумаққа тараған көрінеді. Бастысы енді оның дипломаттық қол сұғылмаушылық құқығы жойылған. Әкесіне қарсы шыққан қыздың өзі қазір Өзбекстан аумағынан ары аса алмай отыр.