СІМ өкілінің нақтылауынша, сапар 4-7 қыркүйек аралығына межеленген.
«Сапар барысында Білім және ғылым министрлігі Сыртқы істер министрлігімен, Ислам Конференциясы ұйымымен және Ислам тарихын, өнерін және мәдениетін зерттеу орталығымен бірлесіп, 4-7 қыркүйек аралығында Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Ислам өркениеті Орталық Азияда» атты халықаралық ғылыми конференция өткізеді».
«Бұл іс-шараға 22 мұсылман және батыс мемлекеттерінің өкілдері қатысады деп жоспарлануда»,- деді Е.Ашықбаев.
Конференция барысында Орталық Азиядағы ислам өркениеті дәстүрлеріне арналған этнографиялық көрме өткізілмек.
Конференцияның күн тәртібіне пленарлық мәжілістердің бірі ретінде өркениетаралық диалогты дамыту мәселесі енгізілген.