Испания Королі екі күндік сапармен елімізге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Испания Королі  екі күндік  сапармен елімізге келді

Испания Королі екі күндік сапармен елімізге келді

АСТАНА. 29 -маусым. Kazakhstan Today. Испания Королі І Хуан Карлос бүгін екі күндік сапармен елімізге келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 29 Маусым 2007
  • 518
Фото - Caravan.kz

Испания билеушісі елімізге жұбайы София ханшамен бірге келді. Астана әуежайында меймандарды ҚР СІМ Марат Тәжин, қаржы министрі Наталья Коржова секілді ресми адамдар күтіп алды.

Жуырда журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың құлағдар еткеніндей, «сапар барысында ел басшылығымен кездесулер межеленген. Олардың барысында екі жақты экономикалық және саяси ықпалдастықтың жай-күйі талқыланады».

Бүгін кешке корольді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдайды.

Ал сенбі күні Хуан Карлос Астананың көрікті жерлерімен танысып, Президенттің мәдени орталығында, Бейбітшілік және келісім сарайында болады. Сонымен бірге Испания королі Қазақстан Елордасын дамыту жобасымен танысып, «Астана-Бәйтерек» монументін көреді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті