Испанияда қазақстандық банктерден ақша ұрлаған хакерлер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Испанияда қазақстандық банктерден ақша ұрлаған хакерлер ұсталды

Испанияда қазақстандық банктерден ақша ұрлаған хакерлер ұсталды

Аликантеде Қазақстан және басқа да мемлекеттердің банк жүйесіне шабуыл жасайтын хакерлік топтың көшбасшылары сотталды.

  • 30 Наурыз 2018
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі Europol сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Алдын ала есептеу бойынша, Carbanak және Cobalt вирустарының көмегімен киберқылмыскерлер әлемнің 40 еліндегі банктерден 1 миллиард доллардан астам қаржы ұрлаған.

«Айтарлықтай көп қаржы ұрланған. Қылмыскерлер Cobalt вирусы арқылы ғана әр адамнан 10 миллион еуро ұрлаған», — деп жазылған басылымда.

Қаскүнемдер ресми компания арқылы хат жіберіп, Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Украина және басқа да мемлекеттердің банк жүйесіндегі компьютер бағдарламаларын бұзған. Алдын ала болжам бойынша, олар әлемдік қаржы институттарына шабуылын 2013 жылы бастаған.

Оқи отырыңыз:

Жезөкшелерді қамшымен сабаған Жан Ахмадиев жауапқа тартылмайтын болды

Димаш Құдайберген «Славян базары» байқауына қазылық етеді

Соңғы жаңалықтар