Жергілікті БАҚ хабарлағандай, 35 жастағы ер адамның есімі — Нгаме. Испаниялық жағалау күзеті сегіз жыл бұрын Нгаме мен оның әйелін құтқарған. Олар Мароккодан Еуропаға жету үшін отырған кеме суға кеткен. Олардың тұрмысы нашар болған. Нгаме — Испанияның оңтүстігіндегі шағын Рокетас-де-Мар қаласында лотерея билетін сатып алған 1600 тұрғынның бірі.
«Сенер емеспін. Кей күндері әйелім екеуіміздің қалтамызда бес еуро да болмайды», — деді ер адам жергілікті газетке.
Аталған лотерея 1812 жылдан бері үздіксіз өткізіліп келеді. Оның өтуіне 1936-1939 жылдардағы азаматтық соғыс та кедергі келтіре алмаған.