Жарияланды: 400

ИЫҰ СІМ Кеңесі жұмысының ауқымында ҚР сыртқы істер министрі бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

Джибутиде бейсенбі күні Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) сыртқы істер министрлері Кеңесінің 39-сессиясы ашылды. Оған сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бастаған қазақстандық делегация қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Конференциянң ашылуында сөз сөйлеген ҚР сыртқы саясат ведомствосының басшысы 2011 жылғы 28 маусымнан 2012 жылғы 15 қарашаға дейін созылған осы Ұйымға Қазақстан төрағалығының қорытындыларын шығарды. Ол «бұл қазақстандық дипломатияның тарихындағы маңызды оқиға ИЫҰ географиясында орын алған күрделі геосаяси және жаһандық экономикалық ығыттар мен ауыр саяси өзгерістер жағдайында өтті», деп атап көрсетті. Министр «Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанада 2011 жылғы 28 маусымда өткен ИЫҰ СІМ кеңесінің 38-сессиясында сөйлеген бағдарламалық сөзі қазақстандық төрағалықтың күн тәртібін айқындап берді, онда ислам әлемін жаңарту, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, әлеуметтік-экономикалық ілгерілеу, ИЫҰ-ның халықаралық аренадағы рөлін нығайту және өркениетаралық диалогты дамыту мәселелеріне баса назар аударылған болатын» деп атап өтті. Астанадағы СІМ Кеңесі барысында Ислам конференциясы Ұйымы атауын Ислам ынтымақтастық ұйымы деп өзгерту жөнінде тарихи шешім қабылданды, деп айта келіп, Е.Ыдырысов Астана төрағалығы ауқымында жалпы көлемі 40 шара өткізілгенін, соның ішінде 10-ы министрлік деңгейінде өткенін, Ұйымның әртүрлі органдарының қызметі жандана түскенін тілге тиек етті. Атап айтқанда, Бүкіләлемдік 7-ші ислам экономикалық форумы, ИЫҰ денсаулық сақтау министрлерінің 3-конференциясы, қоршаған ортаны қорғау министрлерінің 5-кездесуі сияқты ірі шаралар қазақстандық қамқоршылықпен өтті. Аталған кезеңде Сомалиға 500 млн АҚШ доллары көлемінде гуманитарлық көмек қаржысы жиналуын Ұйымның ірі табысы деп атауға болады. Қазақстанның жаңғырық туғызған бастамаларының қатарына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ИЫҰ азық-түлік қауіпсіздігі жүйесін құру туралы ұсынысын жатқызуға болады, ол Астанада Ұйымның жаңа институты - ИЫҰ-ның азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі кеңсесін құру туралы қазіргі форум барысында қабылданған шешімде көрініс тапты. Ислам даму банкімен ынтымақтастық саласында да ынтымақтастыққа елеулі дайындық жасалды - Ислам даму банкімен елдің әріптестік стратегиясы іске қосылды, ол ҚР-ындағы әртүрлі жобалардвы жүзеге асыруға елеулі қаржы ресурстарын тартуға, сондай-ақ қазақстандық Мемлекет басшысының тағы бір бастамасы - шағын және орта бизнесті дамыту үшін қор құруға мүмкіндіктер ашады. Астана ИЫҰ-ын ішкі реформалау, ЕО-мен, ЕҚЫҰ-мен, ШЫҰ-мен, АӨІСШК-пен және Әлемдік және дәстүрді діндер съезімен оның ынтымақтастығын тереңдету жөнінде бірқатар қадамдарға бастамашы болды. ҚР-ның ядролық қаруды таратпау, Ауғанстандағы жағдайды қалпына келтіру, G-Global-ды дамыту, сондай-ақ Ұйымның G-20-мен өзара іс-қимылы саласындағы бастамалары мұсылман қоғамдастығы тарапынан қолдауға ие болды. Астанада ИЫҰ адам құқықтары жөніндегі тәуелсіз тұрақты комиссиясын құру туралы қабылданған шешім маңызды қадам болды. Қазақстан СІМ Кеңесі төрағасы ретінде Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелерін талқылауда салиқалы және теңдестірілген саясат ұстанды. Біздің еліміз Ватиканда палестиналық аумақтардағы католик шіркеуі меншігі мәселелерін талқылау үшін елшілер деңгейіндегі ИЫҰ делегациясын басқарды. Форумда сөз сөйлеген ИЫҰ Бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноглы, Джибути Президенті Омар Гелле, ИЫҰ мүше-мемлекеттері сыртқы саясат ведомстволарының басшылары ҚР-ның ИЫҰ-ға төрағалығын жоғары бағалады және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ислам уммасының күн тәртібінде тұрған маңызды проблемаларын қозғайтын бастамаларының өзектілігін атап өтті. Олардың айтуынша, Қазақстан төраға лауазымында өзін күрделі саяси үдерістерге сындарлы қатыса алатын, сондай-ақ мемекеттік құрылыстың тиімді үлгісін, экономика дамуын, ұлысаралық және дінаралық келісімді сақтаудың үлгісін көрсете алатын байсалды және жауапты мемлекет ретінде байқатты. Атап айтқанда, ИЫҰ Бас хатшысы қазақстандық төрағалықтың жоғары мазмұнын және кәсібилігін атап өте отырып, ол Ұйым тарихындағы неғұрлым жарқын тараулардың бірі болып қалатынын атап көрсетті. Конференция жұмысы ауқымында Е.Ыдырысов бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Ауғанстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы З.Расулмен, Египеттік - М.Амрмен, Ирандық А.Салехимен, Сауд Арабиясының ханзадасы Абделәзиз бен Абдалламен, Гамбия сыртқы істер министрі Ваффа-Огоо-мен, Гвинея СІМ басшысы Б.Фофаномен, Гайана СІМ басшысы К.Родригес-Биркетпен, АҚШ Президентінің ИЫҰ-ындағы арнаулы елшісі Р.Хусейнмен келіссөздер барысында халықаралық, аймақтық және екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге, 2017-2018 жылдары Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі орнын басуға ҚР өтінімін ілгері жылжытуға баса назар аударылды. Қазақстандық министр сондай-ақ ИЫҰ Бас хатшысы Э.Ихсаноглымен және Ислам даму банкінің президенті М.Алимен келіссөздер өткізді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін