Йемен азамат соғысының алдында тұр
|
Йемен азамат соғысының алдында. Билік үшін қырқысып жатқан оппозициялық жасақтар мен үкімет әскері арасындағы қақтығыс күннен-күнге қарқын алуда.
Осымен бесінші күн қатарынан жалғасып жатқан соғыстан 40 адам қаза тапқан. Соңғы қақтығыстар ел астанасы Сананың солтүстік аудандарында жүріп жатыр. Бұл жерде генерал Мохсен Салех әл-Ахмар бастаған оппозициялық күштер әскери нысандар мен әуежайды басып алуға әрекет жасаған. Аудандағы атыс-шабыс кезінде қару қоймаларының бірі жарылып, 28 адам мерт болды. Қарулы қақтығыстардың салдарынан қаладан бейбіт тұрғындар қашып жатыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін