Кабулда Ресей елшілігі маңында жасалған теракт: БҰҰ бас хатшысы пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кабулда Ресей елшілігі маңында жасалған теракт: БҰҰ бас хатшысы пікір білдірді

Кабулда Ресей елшілігі маңында жасалған теракт: БҰҰ бас хатшысы пікір білдірді

Шабуыл кезінде елшіліктің екі қызметкері қаза тауып, ауған азаматтары жараланған.

  • 6 Қыркүйек 2022
  • 9
Фото - Caravan.kz

БҰҰ басшысы Антониу Гутерриш Кабулдағы Ресей елшілігі маңындағы терактіні айыптады, — деп хабарлайды Caravan.kz  медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжарриктің мәлімдемесінде айтылған.

"Бас хатшы бүгін Кабулда Ресей Федерациясы елшілігі маңайында болған шабуылды қатаң айыптайды. Бас хатшы қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейді", — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Гутерриш бейбіт тұрғындар мен азаматтық нысандарға, соның ішінде дипломатиялық өкілдіктерге шабуыл жасауға халықаралық гуманитарлық құқық бойынша қатаң тыйым салынғанын тағы да айтты.


Еске салайық, бір күн бұрын Кабулдағы Ресей елшілігі маңында террорист-жанкешті жарылыс жасаған болатын. Шабуыл кезінде елшіліктің екі қызметкері қаза тауып, ауған азаматтары жараланған.

Соңғы жаңалықтар