”Қайырымды құшағыңызға қазақ қоғамы зәру”: Журналист Ербол Мәндібек Баян Алагөзоваға - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Қайырымды құшағыңызға қазақ қоғамы зәру”: Журналист Ербол Мәндібек Баян Алагөзоваға

”Қайырымды құшағыңызға қазақ қоғамы зәру”: Журналист Ербол Мәндібек Баян Алагөзоваға

Журналист Ербол Мәндібек Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлайтынын айтқан Баян Алагөзованы мақтады.

  • 8 Мамыр
  • 10
Видеодан скрин

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Мына суретке қарап түнімен жылап шықтым. Бұндай жүректі, бұндай бауырды, бұндай көңілді көрмегелі көп болыпты. Ешбір еркек жасай алмаған жақсылық. Ешбір еркектің батылы бара алмаған қадам. Жадап-жүдеп жүрген апамыз Меруерт Өтекешоваға квартира сыйлап, бриллиант тағып, шуба кигізіп және қамзолын қайтарып берді. Хош. Әңгіме бұл жайында емес.

Апамыздың баспанасыз жүргенін мықты-мықты бизнесмендер білмеді емес білді. Әрине түсінемін, мынандай заманда
100-150 миллионға мәрттік жасау оңай шаруа емес. Дегенмен, еркектердің төл мерекесі қарсаңында Баян апам осындай қадамға барған екен. Мен үшін бұл нағыз батырлық. Естеріңізге салайын, Баян Мақсатқызы,
Әлия мен Мәншүкті туған батыстың қызы және соған лайықты әрекет қылды.

Баян Мақсатқызы, Сіз Парламент депутаты болуға әбден лайық адамсыз. Сіз қай партияны таңдасаңыз мен сол партияның жанкүйері боламын. Сіздің қайырымды құшағыңызға қазақ қоғамы зәру”, — деп жазды журналист.

Естеріңізге сала кетейік, продюсер Баян Алагөзова халық әртісі Меруерт Өтекешоваға Астанадағы қалаған жерінен пәтер сыйлайтынын, 2 айда асықпай таңдай алатынын айтты.