Владимир Кургузкин, Калачи ауылының тұрғыны:
-Алғашында бір тәулік ұйықтаппын. Осы жолы екінші рет қайталанып отыр. Ауруханаға байлап матап әкеліппті. Сандырақтап жүріп кеткен екем. Әйелімде де осы кесел.
Қалың ұйқыға кеткендердің диагнозы бірдей. Ұйқысырап, есінен адасып, сандырақтайды. Әуелі оларды Есіл аудандық ауруханасына жеткізген. Кейін облыстық ауруханаға әкеліпті. Қазір ұйқыларынан оянғанымен, әлі дел-сал күй кешуде. Тіпті қанша уақыт қалғып кеткендерін, бүгін қай күн екенін де естеріне түсіре алмай отыр. Айта кетсек, былтырдан бері Калачида 42 адам осындай сырқатқа шалдыққан. Бұрыңғы уран кен орнынан ат шаптырым жерде тұратындардың неліктен осындай жағдайға ұшырағанын әлі күнге дейін еліміздегі білікті мамандардың бірде-бірі анықтай алар емес.