"Кальмар ойыны" оқушылар үшін қауіпті ме?: Білім министрлігі пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.66
  • 475.14
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
5 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Кальмар ойыны" оқушылар үшін қауіпті ме?: Білім министрлігі пікір білдірді

"Кальмар ойыны" оқушылар үшін қауіпті ме?: Білім министрлігі пікір білдірді


Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова әлемді шулатып, көптеген ата-аналарды алаңдатқан оңтүстіккореялық "Кальмар ойыны" сериалы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

  • 20 Қазан 2021
  • 25
Фото - Caravan.kz

"Фильм Қазақстанда түсірілмеген. Фильмде белгілі бір шектеулер бар, ол 18 жастан асқан ересектерге арналған. Сондықтан, ең алдымен ата-аналар осы фактіге назар аударуы қажет. Екіншіден, ата-аналар да, мектеп те тәрбиелік шаралар аясында балаларға пайдалы ақпаратты теріс ақпараттан ажырату дағдыларын үйретуі керек. Мектептерде де осы мәселеге назар аударған жөн. Әрине, балалар психикасы енді-енді қалыптасу кезеңінде. Сондықтан кез келген ақпаратты үйде ата-аналар, мектепте – педагогтар бақылауы керек", — деп жауап берді вице-министрі.

Оның айтуынша, биылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында жаһандық құзыреттілік курсы енгізіліп жатыр.


Бұл курс балалардың сыни ойлауын, эмоционалды интеллектісін дамытады, ақпаратты ажырата білуге үйретеді, оны дұрыс таңдайды.

Шолпан Қаринова мектептер өздерінің тәрбиелік функциялары аясында сериалға қатысты шектеулерге назар аударуы керектігін айтты.

Соңғы жаңалықтар