Оқ атқан канадалық Квебек провинциясының тумасы Мишель Зихаф-Бибо, деп хабарлады британдық Би-би-си телерадиокорпорациясы.
Бұрын хабарланғандай, сәрсенбі күні белгісіз біреу Оттавада әскери мемориалда қарауылда тұрған сарбаздарға қарай, содан кейін Канада парламентінің ғимаратына оқ жаудырған.
Атыс кезінде парламент ғимараты ішінде полиция шабуыл жасаушыны атып тастады. Куәлардың айтуынша, шамамен отыз рет оқ атылған.
Қарауылда тұрған сарбаз құрбан болды. Атыс кезінде зардап шеккен тағы үш адам ауруханадан шықты.