Жарияланды: 420

Канада Ауғанстандағы әскери операциясын аяқтады

Канаданың Қарулы күштерінің Ауғанстандағы әскери операциясы аяқталды, деп бейсенбі күні ЭФЭ агенттігі хабарлады.

Ауғанстандағы НАТО миссиясы өкілі подполковник Вэб Райттың хабарлауыа, қарағанда «Канадалықтар оңтүстіктегі Кандагар провинциясының Панжави, Данд және Даман аудандарындағы өкілеттікті жергілікті билікке берді». Өкілдің айтуынша, канадалық әскерилер әзірге Ауған жерінен кете қойған жоқ. Енді олар жергілікті полицейлер мен жауынгерлерді оқытумен айналысады. Қазір Ауғанстанда қалып отырған канадалық әскерилердің ұзын-саны 950 адам. Сөйтіп, Канада ауған жеріндегі әскери операция аяқталды деп жариялаған тұңғыш мемлекет болып отыр. Бұл елдің Қарулы күштері Ауғанстанға келген 2002 жылдан бері 157 канадалық жауынгер мерт болыпты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін