Канадада қатты желден 200 мың үй жарықсыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Канадада қатты желден 200 мың үй жарықсыз қалды

Канадада қатты желден 200 мың үй жарықсыз қалды

 

  • 5 Мамыр 2018
  • 13
Фото - Caravan.kz

Канаданың оңтүстігіндегі Онтарио провинциясында қатты желдің салдарынан 1 адам қаза тауып, 200 мың үй электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ria.ru-ға сілтеме жасап.

СТV телеарнасының мәліметінше жұма күні таңертең елдің оңтүстік-шығыс бөлігін құйын дауыл қиратып кеткен. Жел жылдамдығы сағатына 110 шақырымға жеткен. Жергілікті полиция болса құлаған ағаштарды жинастырып жүрген жұмысшының үстіне ағаш құлап кетіп қайтыс болғаны туралы хабарлады. Ал оның серігі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Торонто халықаралық әуежайы жұмысын тоқтатпаса да, рейстердің көпшілігі кешігіп жатыр.


Канаданың аймақтық көлік агенттігінің өкілдері Twitter-де құлаған ағаштар мен қоқыстың салдарынан жолдардың көп бөлігі жабылып қалғанын айтса, елдегі қоршаған ортаны қорғау жөніндегі министрлік провинция тұрғындарын сенбіде қатты жел болмайды деп ескертті.

 

Соңғы жаңалықтар