Канадалықтар матчтан соң көшеге шығып, бәрін қирата бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Канадалықтар матчтан соң көшеге шығып, бәрін қирата бастады

Канадалықтар матчтан соң көшеге шығып, бәрін қирата бастады

Стэнли кубогыныңфиналындаБостон” 7-матчта Ванкувердіұтып, алты мәрте беделді жүлдені иеленді. Алайда командасы үмітін ақтамағаны ызалы канадалықтар матчтан соң көшеге шығып, қаладағы барлық нәрсені қирата бастады.

  • 17 Маусым 2011
  • 395
Фото - Caravan.kz

Жанкүйерлер көліктерді төңкеріп, оларды өртеп, дүкен сөрелерін сындыруда. Қалаға арнайы бөлімшенің полиция қызметкерлері шақыртылған. Жапа шеккендер де бар, сонымен қатар бір адам қаза болған. Кейбір жанкүйерлер   өз командасының жейделерін де өртеуде. Жиналған халық қарсылық танытқандықтан, полиция тіпті көз жасаурататын газ қолдануға мәжбүр. Өртенген ғимараттардың ішінде  алты  қабатты дүкен де бар. 1994 жылы “Ванкувер” жеңілісінен соң дәл осындай оқиға орын алған, ол кезде 200-ге жуық адам жарақаттанған болатын.  

Жақында ғана “Ролан Гарроста” жеңімпаз атанып, теннис жанкүйерлерін бір таң қалдырған қытайлық Ли На Истбурндегі турнирдің 2-айналымынан әрі аса алмады. Жарыстың  екінші  ракеткасы боп терілген қытайлық теннисші словак қызы Даниэла Гантуховаға есе жіберді.

Бұл матчтағы есеп — 6:7, 3:6. Жеңілгеніне қарамастан Ли На өз ойынына көңілі толатынын жеткізді. Енді ол бар күшін алдағы Уимблдон турниріне салмақ. Бұл күні Серена Уильямс та жеңілістің ащы дәмін татты. Ол 6:3, 6:7, 5:7 есебімен ресейлік Вера Звонаревадан айласын  асыра алмады. Оның әпкесі Винус Уильямс болса, серб қызы Анна Ивановичпен кездесуде 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Енді ол өзінің сіңлісін жарыс жолынан шығарған Даниэла Гантуховамен күш байқасады.


Лондон “Арсеналының” капитаны Сеск Фабрегас өз клубынан ешқайда ауыспайтындығын жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, Фабрегастың Каталонияның “Барселонасына” ауысуы туралы әңгімелер бірнеше жылдан бері айтылып келеді.

Команда капитаны лондондық клубта оның жағдайы жақсы екенін айтты. Ол: “Егер болашақта мен “Арсеналдан” кететін болсам,  бірден барлығын айтып беремін. Дегенменсондай жағдайда да менің бұл клубқа деген сыйластығым еш кемімейді, өйткені оның маған бергені көп”-деді. “Арсенал” сапында 8 маусым өткізген испандық аяқдопшы 2003 жылы “Барселонадан” ауысып келген болатын.

Германия әйелдер фубол құрамасы әлем чемпионатына барын салып дайындалуда. Биыл өз елінде өткізетін дүниежүзілік додаға дайындық барысында олар бүгін жолдастық кездесу өткізеді.

Норвегия құрамасымен күш байқасатын Германия командасының бас бапкері Сильвия Найдтың айтуынша, оның командасы бұл матчқа тас-түйін дайын. Жаттықтырушының сөзіне сенсек, олар норвегиялықтар жақсы  дайындықпен  келеді деп үміттенуде, өйткені немістер 90 минут бойы тек шабуылды ғана көздеп отыр. Ал  әлем чемпионаты аясындағы алғашқы матч Берлиндегі  олимпиадалық стадионда 26маусым күні Германия мен Канада арасында өтеді. 

Соңғы жаңалықтар