«Канело»: Головкинмен үшінші айқас болуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Канело»: Головкинмен үшінші айқас болуы мүмкін

«Канело»: Головкинмен үшінші айқас болуы мүмкін

Мексикалық боксшы Сауль Альварес (49-1-2, 34КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0, 33КО) қарымта кездесуді асыға күтуде

  • 7 Ақпан 2018
  • 158
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Казинформ хабарлайды.

Канело алғашқы кездесуде GGG-ға көбірек соққы жасау керек болғандығын  және  жеңіске қажеттінің бәрін жасағанын атап өткен.

«Жекпе-жекті он рет қайталап көрген шығармын, керемет шайқас болды. Мен екі ұпай басымдықпен алда тұрған болатынмын. Жеңісім күмәнсіз болу үшін көбірек соққы жасауым керек еді. Енді Колорадо тауларында жаттығып, дайындығымды үдете түсемін. Бұл жолы айқын басымдылықпен жеңуге тырысамын. Екінші жекпе-жекке сол үшін келісім бердім. Рингте өзімді жеңіл сөзіну үшін, жаттығуға барымды саламын», — деді Альварес.

Ол сонымен қатар Головкинмен жекпе-жек трилогияға ұласып кетуі мүмкіндігін жоққа шығармады.


«Үшінші кездесудің ұйымдастырылатынына мүмкіндік жоғары. Екінші кездесуде бәрі белгілі болады. Бірінші жекпе-жектің артына көп әңгіме ілесті. Екіншісі халыққа ұнауы керек, керемет шайқас болатынына сенімдімін», — деп қосты мексикалық боксшы. 

 

Соңғы жаңалықтар