Карина Горичева: Риодағы Олимпиадаға орай сәттілік үшін татуировка жасаттым - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Карина Горичева: Риодағы Олимпиадаға орай сәттілік үшін татуировка жасаттым

Карина Горичева: Риодағы Олимпиадаға орай сәттілік үшін татуировка жасаттым

Алматы облысының зілтеміршісі, Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Қарағандыда өткен қайырымдылық шарасына қатысты. Спортшы білім күні қарсаңында балалар үйі тәрбиленушілермен кездесіп, оларды жаңа оқу жылымен құттықтап сәттілік тіледі.

  • 3 Қыркүйек 2016
  • 675
Фото - Caravan.kz

ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген К.Горичева өзінің досы және тұрмысқа шығу жоспары  жайында айтып берді. Сонымен бірге Олимпиадада сәттілік болуы үшін салдырған татуировкасын көрсетті.

— Карина, балалық шағың қалай өтті? Нені өзгерткің келер еді? Сабақ оқығанды жақсы көруші ме едің?

— Кішкентай кезімде бұзық болдым. Тек ұлдармен ғана араласатынмын, ал қыздармен тіл табыса алған емеспін. Ұлдармен төбелесіп те қалатынмын. Кейде жеңіліп, кейде жеңіске жететін едім. Әрине, анама үнемі шағым жасайтын. Анам ұрысқанымен, артынан тез татуласатынбыз. Ал өз балалығымнан еш нәрсе өзгерткім келмейді. Балалық шағым өзіме ұнайды. Шынымды айтсам, сабақ оқыған ұнамайтын. Сабақ кезінде тезірек спорт залға барсам екен деп ойлап отыратынмын. Қыздарға ұнаған заттарды мүлдем қаламаймын. Маған машина, автоматтар ұнайды. Мен ұл мінездімін.

— Сондықтан ауыр атлетиканы таңдағансың ғой?

— Иә, маған спорттың ауыр түрлері ұнайды. Гимнастика сынды спорттың әйелдерге арналған түрлерін мүлдем түсінбеймін. Мен оларға мүлдем бармас едім.

— Сонымен ауыр атлетика секциясына қалай келдің?

— Бастапқыда садақ атумен шұғылдандым. Бірде, ауыр атлетика залына бұлшық еттерімді шынықтыру үшін келіп, ұлдардың зілтемірді қалай көтеріп жатқанын көрдім. Сол сәтте қызығушылығым оянды, көңілімнен шықты. Бұл спорт түрі маған арналған, қатысамын деп шештім. Әрине, анам қарсы болды. Бірақ, мен егер ауыр атлетика болмаса, спорттың басқа еш түріне бармаймын дедім. Анам баласының немен айналысатындығына қорыққанымен, басқа амалы жоқ болған соң көнді.

Көптеген келіспеушіліктер де болды. Дәрігерлер көзімнің проблемасына байланысты ауыр атлетикамен айналысуға шектеу де қойды. Алайда, мен анама барлық жауапкершілік өз мойныма аламын деген тілхат жаздырып алдым.

— Жоғары білімің педагог-психолог мамандығы екен. Өмірде қажетіңе жарай ма?

— Педагог-психолог болмаймын. Педагогика маған қол емес. Мен фитнес-нұсқаушы болғым келеді, өз залымды ашуды ойлаймын. Болашағымды спортпен байланыстырамын.

Бірақ, магистратураға оқуға түсемін. Әрине, психология қажет, оқитын боламын. Әзірше, қай университет екендігін таңдаған жоқпын.

Олимпиадан кейінгі демалыс уақытымда спорттың басқа түрімен өзім үшін айналыспақ ойымда бар, жауынгерлік самбоны таңдап отырмын. Кішкентай кезімнен маған жауынгерлік өнер ұнайды. Бұрын каратэ ұнайтын. Бірақ денсаулығыма байланысты онымен айналысуға тыйым салды.


— Демалысқа қанша уақыт беріледі. Келесі жарыс қашан басталады?

— Қарашада жыл сайынғы лицензиялық әлем чемпионаты өтеді. Әзірше оның қайда өтетіндігін білмеймін. Жалпы, жыл соңына дейін демалмақ ойым бар. Ал қаңтардан бастап жаттығуға кірісемін.

— Олимпиада қола медалі бар. Бірақ, осымен тоқтап қалмайтын шығарсың?

— Әрине, Токиода медалімді алтынға айырбастағым келеді. Барынша тырысамын, қателіктерімді түсіндім, оны түзету үшін көп жаттығамын.

— Рио Олимпиадасындағы бойтұмарың қандай?

— Татуировканы жақсы көремін, оның күшіне сенемін. Олимпиадада сәтті өнер көрсету үшін грифонның (ертегілерде басы бүркіт, денесі арыстан бейнесіндегі құс) татуировкасын салдырдым. Онда арыстанның күші, бүркіттің жылдамдығы бар. Бұл менің екінші татуировкам. Біріншісінде мамырда айында жарысқа барар кезімде сәттілік үшін салдырған едім.

Ал менің бойтұмарым 7 айлық Рич есімді сібір мысығы. Оны туған күніме досым сыйға тарту етті. Әрине, оны Риоға өзіммен бірге алып бара алмады. Ричті оқу-жиындарына алып барамын.

— Жігітіңмен кездесіп жүргеніңе біраз уақыт болды ма?

— Біраз уақыттан бері таныс болғанымызбен сөйлеспеген едік. 2013 жылы Түркиядағы сауықтыру оқу-жаттығуында жақын бола түстік. Ол да ауыр атлет, аты Зейлімхан. Үштөбенің тумасы (Алматы облысы Ескелди би ауданы — ред). Бір залда жаттығып, оқу-жаттығу жиындарына бірге барамыз, үнемі біргеміз.

— Тұрмысқа шығу ойыңда жоқ па?

— Әлі жаспын, не-бәрі 23-темін. Әлі 2 Олимпиада қатысуды жоспарлап отырмын. Бұл — менің арманы, мақсатым. Содан кейін, 30-дан асқан соң отбасы құрып, балалы болғым келеді. Бірінші қыз, одан кейін ұлым болғанын қалаймын.

— Сұхбатыңа рахмет, спортта жетістіктер тілеймін!

null 

Соңғы жаңалықтар