Жарияланды: 320

KASE биржасының дүйсенбідегі сауда-саттығында теңгенің долларға шаққандағы бағамы

Қазақстан қор биржасының (KASE) дүйсенбідегі сауда-саттығында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы жұмамен салыстырғанда 0,16 теңгеге төмендеді. Бүгінгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллар құны 150 теңге 46 тиынды құрады. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне KASE мамандары хабарлады.

Жұмадағы бағам: 150 теңге 30 тиын. KASE мәліметтеріне сүйенсек, дүйсенбідегі сауда-саттық көлемі 121,7 млн долларды құрады. Жұмадағы сауда-саттық 166,85 млн долларды құраған болатын. Сауда-саттыққа 21 банк қатысты. Ресми бағамды белгілеу тәртібіне сәйкес, 20-қарашада теңгенің долларға шаққандағы бағамы: 1$ үшін 150 теңге 46 тиын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін