KASE биржасының жұмадағы сауда-саттығында теңгенің долларға шаққандағы бағамы
Қазақстан қор биржасының (KASE) жұмадағы сауда-саттығында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы бейсенбімен салыстырғанда 0,07 теңгеге артып, 1$ құны 150 теңге 79 тиынды құрады. |
Бейсенбіде орташа бағам 1 доллар үшін 150 теңге 86 тиын.
KASE мәліметтеріне сәйкес, жұмадағы сауда-саттық көлемі 140,3 млн долларды құрады, бейсенбіде 160,25 млн доллар болатын.
Сауда-саттыққа 23 банк қатысты.
Ресми бағам анықтау тәртібіне сәйкес, 9-қараша теңгенің долларға шаққандағы бағамы 1$ үшін 150 теңге 86 тиын. 10-12 қараша күндері 150,79 теңге.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін